Экология министрлігінде "Ертіс Орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларына қатысты іс бойынша Антикордың ұсынысы қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Резерваттың бас директоры басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ ағашты технологиялық және отын ағашының түрінде заңсыз сату арқылы аса ірі мөлшерде орман ағашын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.
"Ұйымдасқан қылмыстық топтың қылмыстық әрекеттері нәтижесінде мемлекетке 150 миллион теңгеден аса сомада залал келтірілді. ҰҚТ қатысушылары қамауда. Сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Жұмыс жалғасады", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Антикор пара алды деген күдікке ілінген Ертіс орманы басшысының хаты мен аудиожазбасын жариялады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!