- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ерке Есмаханның жеңгесі...
Ерке Есмаханның жеңгесі әнші бала күнінде шын мәнінде қандай болғанын ашып айтты
Ерке Есмаханның жеңгесі әнші бала күнінде шын мәнінде қандай болғанын ашып айтты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасында айтқан.
"Ерке мен келін болып түскен уақытта 6 жастағы қыз, өзім бастауыш сыныбында сабақ бердім. Алғашқы ұстазы менмін. Атына сай өте ерке болды. Үйден шығатын кезде "сабаққа барамыз, кеттік" десем, анасының артына тығылып отыратын. Былай кетіп бара жатып түртіп кетемін, бірақ Еркені ерке қылдық. Марқұм атамыз музыка мектебіне берді. Ерке мектеп бітіргенше соңында жүрген адаммын. Ол көбіне концертке барған кезде менен "анасысыз ба?" деп сұрайтын. "Жоқ, мен жеңгесімін" дейтінмін. Киімдері (сахналық-еск) қалып қойып, өзі концертке келіп тұрған кездері болды. Шүкір, қыздарымның бәріне бас-көз болған осы Ерке. Осы жаққа келді, қыздарымның бәрін тәрбиеледі. Қыздарымның атадан, әжеден, әке-шешеден және Еркеден алған тәрбиесі бар, шүкір", - дейді әншінің жеңгесі.
@qyzdar.ai.tv7 «Қыздар-ай» бағдарламасы? #қыздарай #кыздарай #әселасқар #ашаматай #асельаскар #қыздарай7арна #7арна #7канал #еркеесмахан #ерке ♬ оригинальный звук - “ҚЫЗДАР-АЙ”
"Қуанышымда шек болмаған". Ерке Есмахан күйеуі жасаған сыйлық туралы айтты
Еске салайық, бұған дейін Ерке Есмахан жүктілігі қалай өтіп жатқанын айтқан еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина