Бішкекте әйел мен екі баласын аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.
Сотта соңғы сөзін айтқан күдікті адвокатын қолдап, бастапқы айтқан сөздерінен бас тартатынын жеткізген. Ер адам өзіне күш қолданылғанын айтқан. Сонымен қатар, күдікті марқұмның ағасы Ішкі істер органдарында істейтінін, сондықтан қысым көрсетілгенін атап өткен.
Айта кетейік, айыпталушы - Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері.
Еске салайық, бұған дейін күдікті күдікті марқұмдармен байланысы туралы айтқан болатын.
Айыпталушы Чынтемир Аширалиев сотта сұрақтарға жауап берер алдында марқұмдардың отбасынан кешірім сұрап, қайғырып көңіл айтқан. Ол марқұм Алтынай Канзаманованы 2010 жылдан бері танитынын айтады.
"Алтынай жұмыс істеген банктен несие алуға бардым. Ол да Баткеннен екенін айтып, сөйлесіп кеттік. 3-4 жылдан кейін қайтадан Ыстық-көлде кездесіп қалдық. Ол әріптестерімен демалып жүрген, мені өзі қонған жеріне апарып тастауымды өтінді. Апардым. Бір-біріміздің нөмірімізді алдық. Арасында көмек сұрап тұратын. Жақсы араласып кеттік", - дейді Чынтемир Аширалиев.
Оның сөзінше, марқұм әйел екеуінің арасында ақша мәселесі және қандай да бір дау болмаған. Сонымен қатар, айыпталушы Алтынай Канзаманованың балаларын жақсы білетінін айтты.
"Алтынай оның балалары барын, әкелері жоғын айтты. Оларға арасында өгей әке ретінде көмектесіп тұратынмын. Тергеушіге ДНҚ сараптама жүргізуін сұрадым. Маған ол Алматыда жасалатынын, құны 800 доллар екенін жеткізді. Мен келістім. Бірақ артынан маған сараптама жасаудан бас тартты", - дейді айыпталушы Чынтемир Аширалиев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!