Ер адам әйел мен оның екі баласын аяусыз өлтірген: күдікті марқұмдармен байланысы туралы айтты

Ер адам әйел мен оның екі баласын аяусыз өлтірген: күдікті марқұмдармен байланысы туралы айтты

Бішкекте әйел мен екі баласын аяусыз өлтірген ер адамға қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Айыпталушы Чынтемир Аширалиев сотта сұрақтарға жауап берер алдында марқұмдардың отбасынан кешірім сұрап, қайғырып көңіл айтқан. Ол марқұм Алтынай Канзаманованы 2010 жылдан бері танитынын айтады. 

"Алтынай жұмыс істеген банктен несие алуға бардым. Ол да Баткеннен екенін айтып, сөйлесіп кеттік. 3-4 жылдан кейін қайтадан Ыстық-көлде кездесіп қалдық. Ол әріптестерімен демалып жүрген, мені өзі қонған жеріне апарып тастауымды өтінді. Апардым. Бір-біріміздің нөмірімізді алдық. Арасында көмек сұрап тұратын. Жақсы араласып кеттік", - дейді Чынтемир Аширалиев.

Оның сөзінше, марқұм әйел екеуінің арасында ақша мәселесі және қандай да бір дау болмаған. Сонымен қатар, айыпталушы Алтынай Канзаманованың балаларын жақсы білетінін айтты. 

"Алтынай оның балалары барын, әкелері жоғын айтты. Оларға арасында өгей әке ретінде көмектесіп тұратынмын. Тергеушіге ДНҚ сараптама жүргізуін сұрадым. Маған ол Алматыда жасалатынын, құны 800 доллар екенін жеткізді. Мен келістім. Бірақ артынан маған сараптама жасаудан бас тартты", - дейді айыпталушы Чынтемир Аширалиев.

Күдікті. Фото: Қырғызстан ІІМ. 24.kg

Күдікті марқұм әйелге көмектесіп жүргенін жеткізді. 

"Ағасы мен қарындасы секілді араласатынбыз. Оларды өлтіру ойымда болмады. Балаларды жақсы көретінмін, шын ниетпен оларға көмектесетінмін", - дейді айыпталушы. 

Еске салайық, биыл 16 ақпанда Бішкекте жантүршігерлік оқиға болған еді. Әйел мен екі баласы өлі табылды. Адам өлтіру оқиғасы Бішкектегі 5-шағынауданда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, бір баланы тұншықтырып өлтірген. Мәйіттер кешкі уақытта табылды.

Кейінірек үш адамның өліміне қатысты күдікті Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы қызметкері болып шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті А.Ч. бұрын ҰҚМК Тоғызыншы қызметінде жұмыс істеген. Ол Бішкектегі УҰИ-1-ге қамауға алынған. Бұл туралы 16 ақпанда Бішкек қалалық соты хабарлады.

"Айыпталушының айтуынша, әйел одан жүкті болып, ұл туған. Содан кейін марқұм әйел күдіктіні жұбайы бәрін біліп қояды деп бопсалағаны айтылады. Адам өлтірілген күні ер адам әйелмен жанжалдасып қалады. Сол кезде анасын қорғамақ болған қыз пышақ жарақатын алған. Осыдан кейін растауды қажет ететін мәлімет бойынша, қайтыс болған әйел мен А.Ч. арасында тағы да жанжал туындап, ер адам әйелді пышақтап тастайды. Бұл кезде марқұмның жараланған қызы есін жиып, терезеден секіріп кеткен. А.Ч үйден шығып, қызды көтеріп үйге әкелген. Екінші баланы буындырып өлтірген. Қазір полиция психологиялық, психиатриялық және сот-медициналық сараптамалар тағайындады", - деп жазды 24.kg.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина