Өзбекстанда қоғамдық орындарда ниқаб тағатындарға айыппұл салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заңнамадағы тиісті түзетулерге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қол қойды. Түзетулерге сәйкес, медициналық диагноз бойынша бет тұмшалауға, сондай-ақ, жұмысқа және қызметтік қызметке байланысты киімдерде ғана ерекшелік болуы мүмкін.
"Қоғамдық орындарда тұлғаны анықтауға мүмкіндік бермейтін дәрежеде бетін жауып жүру 3,3 миллионнан 4,95 миллион сумға дейін (126-дан 189 мың теңгеге дейін) айыппұл салуға әкеп соғады", - делінген министрлік хабарламасында.
Бұдан басқа, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев көп әйел алуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулерге қол қойған еді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!