Көп әйел алуды насихаттағандар қамауға алынып жатыр

Көп әйел алуды насихаттағандар қамауға алынып жатыр
Фото: ugranow.ru

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев көп әйел алуды насихаттағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуді көздейтін заңнамаға түзетулерге қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап. 

Енді екі немесе одан да көп әйелмен бірге тұруға деген көзқарастарды, идеяларды немесе үндеулерді таратқаны үшін айыппұл төлейді (шамамен 405 доллардан 810 долларға дейін) немесе 15 күнге дейін әкімшілік қамауға алынады.

Сонымен қатар аталған құжатқа сәйкес адам жынысы бойынша кемсітушілікті насихаттауға да тыйым салынады. Бұдан бөлек қоғамдық орындарда жеке басын сәйкестендіруге мүмкіндік бермейтін дәрежеде жабық киінуге тыйым салуды көздейді.

Бұған дейін Өзбекстанда жыныстық қолсұғушылық үшін де жаза енгізілген. Бұндай заңбұзушылық бірінші рет жасалған жағдайда 2-5 базалық есептік шамада айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейін қамаққа алу түрінде жаза қолданылады. Бір жыл ішінде бұл қылмыс қайталанса, құқық бұзушы 5-7 базалық есептік шама мөлшерінде айыппұл төлейді немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина