- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Енді қарызын 90...
Енді қарызын 90 күннен бері жаба алмай жүргендерге несие берілмеуі мүмкін
Енді қарызын 90 күннен бері жаба алмай жүргендерге несие берілмеуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұндай ұсынысты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ашық НҚА порталында жариялады. Бұл ұсыныс мақұлданған жағдайда қарызын 90 күннен аса төлемеген азаматтарға несие берілмеуі мүмкін.
"Азаматтардың борыштық жүктемесінің одан әрі өсу тәуекелдерін болдырмау үшін екінші деңгейдегі банктердің, сондай-ақ микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын тұлғаларға тұтыну қарыздарын беруді шектеу ұсынылады. Бұл ретте проблемалық берешектің өсуін шектеу және қолданыстағы қарыздар бойынша қарыз алушылардың борыштық жүктемесін төмендету мақсатында қарыз алушылардың берешекті қайта қаржыландыруға, оның ішінде неғұрлым тиімді шарттарда құқығын сақтау қажет", - делінген хабарламада.
Агенттік бұл бастама қазақстандықтардың көп қарыздануының алдын алуға бағытталған деп түсіндірген.
Еске салайық, 3 наурызда банкрот деп танылуға өтініш беру басталған болатын. Қазақстанда банкроттыққа өтініш қабылдаудың алғашқы күні 2,5 мыңнан аса азамат өтініш берген.
Сондай-ақ, Қазақстанда 1,1 миллионнан аса адам банкроттық туралы заң көмегімен қарызынан құтыла алатыны хабарланды. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтқан болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина