- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ең пайдалы дәмдеуіш...
Ең пайдалы дәмдеуіш анықталды
Дәмдеуіштер асүйдің ажырамас бөлігі және ол тамақтарға ерекше дәм мен иіс береді. Алайда оларды бағалы ететін тек дәмі емес. Түрлі дәмдеуіштер арасынан бағалы біреуі ерекшеленеді. Ол – куркума. Бұл сары дәмдеуіш тамақты әдемі түске бояп қана қоймай, оны денсаулыққа пайдалы етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
Куркуманың денсаулыққа пайдасы
Куркума үнді және азиялық асүйлерде кең қолданылады. Бұл дәмдеуіш оның құрамындағы куркуминнің арқасында өте пайдалы.
Қабынуға қарсы әсер. Куркумин ағзадағы қабынуды басады, бұл созылмалы аурулармен және қабыну процестерімен күресу кезінде маңызды.
Жүрек саулығын сақтау. Куркумин қандағы "жаман" холестерин деңгейін түсіруге көмектеседі және жүрек-қан тамырлар ауруларының қаупін азайтады.
Миға пайдалы. Куркумин когнитивті функцияларды жақсарта алады және Альцгеймер секілді нейродегенеративті аурулардың даму қаупін азайтады.
Антисептикалық әсер. Куркумин антисептикалық және микробтарға қарсы әсерге ие. Сондықтан ол жараларды және жұқпаларды емдеу кезінде пайдалы.
Куркуманы қалай қолдануға болады?
Куркуманы әртүрлі тамақтарға қосуға болады. Мысалы: сорпа, карри, күріш, омлет және сусындар. Оның пайдасы көбірек болуы үшін куркуманы қара бұрышпен бірге қолдану ұсынылады. Себебі қара бұрыштағы пиперин куркуманың ағзаға жақсы сіңуіне көмектеседі.
Егер қандай да бір созылмалы ауруыңыз болса немесе дәрілер ішіп жүрсеңіз, куркуманың барлық пайдалы қасиетіне қарамастан, оны рационға қоспас бұрын дәрігердің кеңесін алған дұрыс.
Оқи отырыңыз: Куркума қосылған суды қалай ішу керегін білесіз бе?
А. Жапатова