Куркума қосылған суды қалай ішу керектігін білесіз бе?

Куркума қосылған суды қалай ішу керектігін білесіз бе?
Фото: pixabay.com

Көптеген адамдар жақсы көңіл күй және сымбатты дене пішіні үшін тамақтану мәзіріне дәмдеуіштер қосады. Алайда бұл табиғи тағамдық қосымшаларды тек тамақ пісіру процесіне ғана емес, сонымен қатар таза күйінде, мысалы, сұйықтықпен бірге қолдануға болады. Сондай пайдалы сусынның бірі – куркума қосылған су туралы мағлұмат ұсынамыз.

Бұл дәмдеуіштің құрамында куркумин полифенолы бар, ол күшті антиоксидант болып табылады. Дәмдеуіш атауы осы компонеттен алынған. Оның құрамында эфир майлары да бар. Сонымен қатар, куркумада көмірсулар, майлар, аминқышқылдар, дәрумендер (К, Е, В топтары) және минералды қосылыстар (калий, магний, темір, селен, кальций, марганец және т.б) бар.

Оның құрамындағы қант мөлшерінің себебінен ол калориялық дәмдеуішке жатады: 100 г өнімде шамамен 300 кКал бар. Дегенмен де, оны арықтау мақсатында жиі қолданады.

Шығыс дәмдеуішінің адам денсаулығына және сымбаттылығына тигізер пайдасы мол. Ал дәмдеуішті сумен араластыру арқылы оның калориясын азайта аламыз.

Куркума қосылған су – керемет антисептик және иммуномодулятор. Ол ауру тудыратын бактерияларды жояды және ағзаның жұқпаға деген төзімділігін арттырады. Сонымен қатар, бұл сусын түйілуді басатын, қабынуға қарсы, жара жазушы және қайта қалпына келтіруші қасиеттерге ие.

Ісік, ауырпалық, бөгеліп қалушылық – бұл белгілердің барлығы осы сусынннан соң артрит және артроздың даму деңгейіне қарай жазылып кетеді немесе жеңілдейді.

Куркума дәмдеуішінің сулы ерітіндісі жүйке жүйесіне, жүрек-қан тамырлар қызметіне жақсы әсер етеді. Оның көмегімен аз уақыт ішінде ұйқысыздықтан арылуға болады. Ол ағзаның күйзеліске қарсы деңгейін арттыруға көмектеседі.

Куркума қосылған судың жүрек-қантамырларға пайдасы дәлелденген. Оны уақытылы ішу арқылы өзіңізді инфаркт, инсульт және артериялық қысымның бірден секіруінен қорғай аласыз.

Суда еріген куркума асқазан сөлі секрециясын, өт бөліну процесін және ағзаның басты тазартушы органы – бауырдың функциясын жақсартады.

Куркума қосылған суды дайындау

Оны дайындау оңай. Ол үшін стақанды ыстық сумен толтырыңыз. Оған 0,5 шай қасық ұнтақталған куркума салыңыз. Барлығын жақсылап араластырыңыз. Ерітіндіні жылы күйінде ішу керек. Куркуманың мөлшерін сәл көбейтуге болады: оны ішіп бастағаннан кейін 4-ші не 5-ші күні ғана көбейтіңіз. Дәмін жақсартқыңыз келсе, сусынға аздап бал қосуға болады.

Бұл куркума қосылған судың классикалық әдісі. Оның қосымша ингредиенттер қосатын түрлері де бар. Мысалы: лимон, лайм, даршын, зімбір тамыры, қара бұрыш. Бұл қосымша ингредиенттер куркума қосылған судың арықтататын қасиетін арттыра түседі.

Қарсы көрсетілім

Куркума қосылған суды 6 жасқа дейінгі балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге ішуге болмайды. Сонымен қатар, оны өт қабына тас байлану және ойық жарасы бар адамдарға, асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы бар гастритпен ауыратын адамдарға ішу ұсынылмайды. Бүйрегінде тас бар, гипотония (төмен артериялық қысым), төмен қан ұйығыштығы, гормонды ауытқулары және осы дәмдеуішке аллергиясы бар адамдарға да бұл сусынды ішуге тыйым салынады.

Куркума қосылған судың арықтауға әсері

Куркума қосылған су арықтауға көмектеседі. Себебі оның ағзаға мынадай әсерлері бар:

- Ас қорытуды жақсартады;
- Зат алмасуды белсенді етеді;
- Ағзадағы токсиндер мен қоқыстарды шығарады;
- Несеп айдағыш эффектісінің арқасында дене тініндегі артық сұйықтықтан арылтады;
- Тәбетті басады және тоқтық сезімін сыйлайды;
- Тәттіге деген құштарлықты азайтады.

Бұл сусынның арықтауға көмектесетиін басты қасиеті – ол ағзадағы майлы тіннің ыдырауына ықпал етеді.

Куркума қосылған суды қалай ішу керек?

Арықтау мақсатында куркума қосылған суды нақты ереже бойынша ішу керек. Жақсы нәтиже болу үшін оны таңертең ұйқыдан тұрған бойда аш қарынға ішіңіз. Алайда, бұл сусынға қарсы көрсетілім бар екенін ұмытпаңыз. Егер асқазан-ішек жолы ауруларыңыз бар болса, оны тамақтанып болған соң 20-30 минуттан кейін ғана ішіңіз.  

А. Жапатова