- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- дұрыс тамақтану
Ең пайдалы бес жеміс-жидек аталды
Уильям Патерсон университетінің (WP) сайтында жарияланған зерттеуде ең пайдалы жеміс-жидектер таңдалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мамандар 41 өсімдік өнімінің құрамынан 17 негізгі қоректік заттардың, соның ішінде А және В12 дәрумендерінің мөлшерін зерттеді.
Жеміс-жидектердің арасында ең көп пайдалы элементтер лимон, құлпынай, апельсин, грейпфрут және бүлдіргенде болған.
Лимон жемістер арасында көшбасшы болды. Ол С дәруменіне бай. Ол ағзаны талшықпен, магниймен және калиймен қамтамасыз етеді, бұл терінің күйін жақсартады және иммунитетті күшейтеді.
Сонымен қатар құлпынай да С дәруменіне бай. Оған қоса, оның құрамында темір, кальций және фолий қышқылы бар. Апельсин магний, калий және С дәруменіне бай, оны жүйелі түрде жеу - иммундық жүйені және жүрек-қан тамырлары саулығын нығайтады, метаболизмге және жасушалардың қалыпты жұмысына ықпал етеді.
Қызғылт грейпфрут құрамында көруге және иммундық жүйеге пайдалы А дәрумені мен бета-каротин бар. Бүлдірген созылмалы аурулардың алдын алуға және жасушалардың қартаюын бәсеңдетуге көмектесетін антоцианиндерге бай.
Оқи отырыңыз: Жемістер мен көкөністерді нитраттардан қалай тазартамыз?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова