- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Еліміздегі хостелдер тексеріле...
Еліміздегі хостелдер тексеріле ме? Саясат Нұрбек жауап берді
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстандағы хостелдерді тексеру мәселесіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, тексеріс заң аясында жүргізілуге тиіс.
"Қазақстанда жеке компанияларды тексеруге мораторий жарияланған. Бұл хостелдердің барлығы әдетте жекенің меншігінде. Сондықтан үкіметтік комиссия шеңберінде қандай да бір шешімдер қабылданады. Мұнда заңның талаптарын қатаң сақтау керек", - деді министр Үкіметтің баспасөз орталығында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы өрттен қаза тапқандардың тізіміндегі Түркістан облысының тумасы тірі екенін жазған едік.
Айта кетейік, 30 қарашада сағат 5:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт шығып, салдарынан 13 адам қаза тапқаны хабарлаған едік.
Кейінірек қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 миллион теңге берілетіні белгілі болды.
1 желтоқсанда өртке байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігі (Абайсызда екі не одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға беруші ұсталды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!