- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Елімізде қазақ-француз университеті...
Елімізде қазақ-француз университеті ашылады
Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Министр Мемлекет басшылары деңгейінде Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін қарау бойынша мәлімдеме жасалатынын айтады.
"Университет Қазақстан-Германия университетіне ұқсас құрылады. Біз бұл мәселені зерттейтін жеке жұмыс тобын құрамыз. Онымен қоса, Францияның мықты университеттерін тарта отырып, өңірлік университеттер жанынан ғылыми-зерттеу бөлімдерін ашу мүмкіндігін талқылаймыз. Франция университеттерінің делегациясы да келді, бүгін Алматыда үш күн бойы өтетін Қазақстан-Франция ректорларының форумы басталады", - деді ведомство басшысы.
Еске салайық, бүгін Мемлекет басшысы Франция президенті Эмманюэль Макронды Ақордада қарсы алған еді.
Олжас Адай
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!