Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі парақшасында ұлының туған күніне орай жантебірентер жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесінің айтуынша, Төренұр ата-әжесінің ең сүйікті немересі.
"Тойлатып жүрмін десем неге бүгін,
Туылған күні екен ғой Төренұрым.
Ел-жұрт болып Құдайдан сұрап алған
Мен сені қатты жақсы көрем ұлым.Өзіңсің ата-әжеңнің ең сүйікті,
Немеренің ішінде төбе құлын.
Баласы-ау Ұлы дала баласының
Менікі "менен ассын" деген ұғым.Анаңның әппақ сүтін ақтағаның,
Бабаңның ұмытпасаң көне жырын.
Әкеңнің өмірінің жалғасысың
Және де жалғасысың өнерінің.Шегесі бол, еліңнің Төресі бол
Төрде отырып айтатын төрелігін.
"Ұқсамасаң тумағыр" дейді қазақ
Шебер құдай жасаған шедевірін.Төренұр Төреәліні құттықтаймын,
Құдайым құлыншақтың бер өмірін!
Құттықтамаған шығар әкең бұлай
Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлын", - деп жазған ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Атын кім деп қоямыз?" Төреғали Төреәлі қуанышты жаңалығын бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Макро және микроэлементтер деген не?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!