"Атын кім деп қоямыз?" Төреғали Төреәлі қуанышты жаңалығын бөлісті

"Атын кім деп қоямыз?" Төреғали Төреәлі қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: Әлеуметтік желідегі парақшасынан

Танымал әнші Төреғали Төреәлі асылтұқымды сәйгүлікті сыйлыққа алды. Қуанышты жаңалығын әлеуметтік жариялаған әнші сыйлықты тарту еткен адамды да атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесінің айтуынша, Ұлан есімді ағасы ат атаған көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ???????? ??????? (@toregalitoreali)

"4 жыл бұрын Ұлан ағаның әкесі ат атаған болатын. Таңдайтын күн бүгін туыпты. Бақ сыйлаған Алладан айналайын, ат сыйлаған ағадан айналайын!

Тұлпар десе жан бар ма туламаған,
Тулағанда қолыма туды ала алам.
Ұлы дала ұлына ұлы сыйлық
Жасаған жасай берсін, Ұлан ағам!
Ұлан ағам туған ғой ұлы анадан! Атын кім деп қоямыз?", – деп жазды эстрада жұлдызы. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы