Екінші АЭС салу үшін референдум өткізіле ме? Министр жауабы

Екінші АЭС салу үшін референдум өткізіле ме? Министр жауабы

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевке Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдум өткізіле ме деген сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алмасадам Сәтқалиевтің айтуынша, референдум өткізу қажеттілігі жоқ, сондықтан ол өткізілмейді.

"Заңнамаға сәйкес бұл станция Үкіметтің шешімі бойынша салынады", - деп жауап берді ол.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы кезінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке екінші АЭС үшін орын іздеуді тапсырды.

Еске салайық, Президенттің қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы Астанада өтіп жатыр. Бүгінгі отырыста еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары шығарылады, сондай-ақ алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады. Премьер-министр Олжас Бектенов, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, сондай-ақ бірқатар өңірлердің әкімдері баяндама жасайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!