- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екеуі - бір...
"Екеуі - бір үйдің баласы": Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік жол апаты туралы жаңа дерек шықты
Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан қаза тапқандар арасында оқушылар да бар. Бұл туралы өңірдің білім басқармасы өкілдері айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе облыстық білім басқармасы мәліметінше, қаза тапқандардың арасында 4 оқушы болған.
"Жол апатына ұшыраған азаматтардың, балалардың қазасына көңіл айтамыз, қайғысына ортақпыз. Қаза тапқандардың арасында кәмелет жасына толмаған 4 бала бар. Денсаулығына, отбасылық себептерге байланысты жеке сапарға шыққан", - деп жауап берді ведомство өкілдері Massaget.kz-ке.
Білім басқармасы мәліметіне сүйенсек, көз жұмған 4 баланың екеуі - бір үйдің балалары. Олар 4 және 6-сынып оқушылары болған. Ал қалған екі оқушының бірі 6-сыныпта оқыса, біреуі даярлық тобына барып жүрген.
Құзырлы орган қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қаза тапқаны хабарланды. Ақтөбе - Астрахань тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысқан.
"Тергеу аясында жол апатының себептерін және қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова