Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 8 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 8 адам қаза тапты
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болып, 8 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақтөбе - Астрахань тасжолында екі жеңіл автокөлік соқтығысып, салдарынан сегіз адам мерт болды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті соталды тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

"Тергеу аясында жол апатының себептерін және қаза тапқандардың жеке басын анықтау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр", - деп жазылған ведомство хабарламасында.

Ашық дереккөз мәліметтері мен бұқаралық ақпарат құралдарында қаза тапқандардың төртеуі бала екені айтылып жатыр.

Полиция департаменті өкілі азаматтарды жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова