- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Екі тәулік ұйықтамаған"....
"Екі тәулік ұйықтамаған". Концертте қайтыс болған мобилографтың құрбысы мәлімдеме жасады
"Ирина Кайратовна" тобының концертінде қайтыс болған мобилографтың құрыбысы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Марқұм жігіттің құрбысы Мөлдірдің айтуынша, марқұм апта бойы жұмыстан бас көтермеген. Тіпті қайтыс боларының алдында екі тәулік бойы көз ілмегенін айтыпты. Бүгін дәрігерлер мобилографтың өліміне жедел геморрагиялық панкреонекроз дерті себеп болды деген болжамын айтты. Ал сараптама нәтижесі екі аптадан кейін белгілі болады.
Әлеуметтік желіде бұған қатысты түрлі алыпқашпа әңгімелер айтылып жатыр. Соның бірі - энергетикалық сусынды көп мөлшерде тұтынған болуы мүмкін деген болжам. Алайда марқұм Шахназдың Мөлдір есімді құрбысы мұны жоққа шығарды.
Қыздың айтуынша, марқұм көзі тірісінде энергетикалық сусынға мүлдем, түбегейлі қарсы болған.
Еске салайық, бұған дейін "Ирина Кайратовна" тобының Астанадағы концертінде мобилограф қайтыс болғанын хабарлаған едік. Куәгерлердің сөзінше, жігіт кенеттен сахнада құлаған.
Кейінірек топ мүшелері сахнаға шығып, қаралы жағдайды хабарлап, халықтан кешірім сұраған.
"Сіздерді күттіргенімізге кешірім сұраймыз, бірақ бәрі бекерден бекер емес. Айтудың өзі ауыр. Жаңа ғана мобилограф сахнада құлап қалды, көрген боларсыздар. Ол қайтыс болды. Сондықтан қазір алдарыңызда өнер көрсете алмаймыз", - деді топ мүшелерінің бірі.
Полиция "Ирина Кайратовна" тобының концертінде болған қайғылы жағдайға қатысты түсінік берді.
Ал бүгін Астананың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан