Әлеуметтік желіде Израильдің Кфар-Аза кибуцінде террористерге қарсы әрекетте қаза тапқан ерлі-зайыптының оқиғасы тарады. Желі қолданушылары ерлі-зайыптының әрекетіне тәнті болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Украинаның батыс аймағындағы Израиль мемлекетінің құрметті консулы Олег Вишняков Facebook-парақшасында айтты.
Адар және Итай Бердичевскийлер ЦАХАЛ - Израиль қорғаныс әскерінде қызмет еткен. Сондықтан олардың үйінде қару болған.
Оқиға Кфар-Аза кибуцінде болған. Ерлі-зайыпты Адар және Итай Бердичевскийлер террористер олардың үйіне келген кезде 10 айлық егіздерін бомбапанаға жасырып қойған. Сол сәтте Адар және Итай қолдарына қару алып, ХАМАС содырларына қарсы соққы берген.
Нәтижесінде ХАМАС-тың 7 содыры ерлі-зайыптының үйінің алдында өлтірілген. Қайғылы оқиға салдарынан Адар және Итай Бердичевскийлер қаза тапты.
Ал бомбапанаға жасырып кеткен егіздерін 13 сағаттан кейін Итайдың ағасы мен Адардың әкесі тауып алған. Қаза тапқан жұп ондаған адамның өмірін сақтап қалған. Алайда өздері жақындарымен қауыша алмаған.
Айта кетейік, 10 қазанда Тель-Авивтен Алматыға эвакуациялық рейспен 166 жолаушы ұшып келді. Оның 124-і - Қазақстанның, ал 42-сі - шетел азаматы.
Бұған дейін Израильдегі 16 қазақстандық студент туралы ақпарат жазған едік.
Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыс туралы егжей-тегжейлі МЫНА СІЛТЕМЕДЕН оқып біле аласыздар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!