Израильдегі жағдай: 16 қазақстандық студент туралы ақпарат пайда болды

Израильдегі жағдай: 16 қазақстандық студент туралы ақпарат пайда болды
Фото: Times of Israel

Қақтығыс басталған кезде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқитын 16 қазақстандық студент Израильде болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Air Astana ұшағы Тель-Авивтен Алматыға 10 қазан күні Астана уақытымен 16:45-те ұшты, деп еске салды министрлік.

"Болашақ" бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткен 14 қазақстандық дереу эвакуацияланды, ұлттық мереке кезінде Дубайға ұшқан тағы 2 студент келесі репатриациялық рейспен Қазақстанға қайтарылады", - делінген хабарламада.

Барлығы Израильде "Болашақ" бағдарламасы аясында Rabin Medical Center, Sheba Medical Center және тағы басқа ғылыми орталықтарда тағылымдамадан өтіп жатқан 16 стипендиат болды.

Еске салайық, бұған дейін Тель-Авивтен Қазақстанға репатриациялық рейс ұшып шықты. Бортта 124 қазақстандық бар. Ұшақ Алматыға бүгін кешке жетеді.

Айта кетейік, Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін шұғыл байланыс желісі жұмысын бастады. Онда консулдық есепке тұрмаған 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты. 

Бүгінде СІМ-де жедел штаб құрылған. Олар төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмін орындауға кіріскен. Айбек Смадияров Израильде 400-ден аса қазақстандық жүруі мүмкін екенін айтты. Олар консулдық есепке тұрмаған.

Еске салайық, 7 қазанда таңертең "Изз ад-Дин аль-Кассам" бригадасының ХАМАС әскери қанаты бұрын-соңды болмаған операция басталғанын хабарлады. Газа секторынан Израильге қарай мыңдаған зымыран атылып, қарулы топтар Израиль елді мекендеріне кірді.

Өз кезегінде Израиль армиясы ондаған жойғыш ұшақтарды пайдаланып, Газа секторына шабуылдар басталғанын хабарлады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан