Кейбір адамдар шаш күтіміне арналған кондиционерді соңына қалдырып жатады. Әрине, біз денеміздің басқа бөлігін жуып жатқанда, кондиционер сіңіп, шаш ылғалдандыратын компонентермен қанығады. Алайда, дерматолог мұндай жаман әдеттен бас тартуға кеңес берді. Өйткені бұл арқа мен кеудеде безеу тудырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кондиционерді жағып, оны соңғы кезекте жуу безеу тудыру секілді мәселеге әкеледі. Бұл өнімдер әдетте қою болып келеді. Оларды толық тек суды көмегімен жуып, кетіру қиын", - дейді дерматолог.
Арқа мен кеуде терісіне тиген кондиционер толық жуылмаса, тері тесігін бітеп тастайды. Маман алдымен шашқа күтім жасауды, содан кейін денеге кірісуді ұсынды. Тіпті безеу тудырмайтын компоненттері бар өнімдерді қолдануға болады.
Айта кетейік, бұған дейін арқаға шыққан безеуді қалай кетіруге болатыны туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Қарахан мемлекетінің құрылуы мен жер аумағы қандай болды?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!