24 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,85 теңгеге көтеріліп, 476,07 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы - 465,74 теңге.
Еске салайық, бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. жылдық 16,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!