24 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 9,85 теңгеге көтеріліп, 476,07 теңге болды.
Ұлттық банктің 24 шілдедегі ресми бағамы - 465,74 теңге.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 473,82 теңге;
- сату - 476,81 теңге.
Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:
- сатып алу - 470,97 теңге;
- сату - 477,97 теңге.
Еске салайық, бүгін Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/-1 п.т. жылдық 16,75 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова