Доллар бағамы қайта көтерілді

13 шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 8,94 теңгеге көтеріліп, 477,11 теңге болды.

Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы - 464,71 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 471,83 теңге;
  • сату - 474,65 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау орындарындағы доллардың орташа бағамы:

  • сатып алу - 471,08 теңге;
  • сату - 478,08 теңге.

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов кейінгі айларда теңге бағамының долларға қатысты тұрақты болуының себебін түсіндірген еді. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!