- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Доллар бағамы 340...
Доллар бағамы 340 теңгеден асты
KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 341,94 теңге болды. Бұған дейін 2015 жылдың 15 желтоқсанында күндізгі сессия 332,36 теңгемен жабылған еді.
18 желтоқсанда алғашқы келісім 333,01 теңгемен басталды. Бұл ең төменгі баға болды. Ең жоғарғы баға −345,5 теңге. Сауда көлемі 137,5 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 24 мүшесі қатысты. Kurs.kz мәліметі бойынша, ақша айырбастау орындарында доллар 342-344 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірген еді. Ұлттық банктің сайтында теңгенің айырбастау бағамының негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасатыны айтылады.
Дереккөз: tengrinews
С. Ерсін