Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Жаңалықтар / Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірді

Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірді

Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуал жайлы пікір білдірді

ҚР Ұлттық банкі желтоқсан айының валюта нарығындағы ахуал жайлы түсінік берді.

Ұлттық банктің сайтында теңгенің айырбастау бағамының негізінен әлемдік қаржы, тауар нарықтарындағы баға ахуалының серпінімен және ішкі нарықтағы шетел валютасына деген сұраныспен айқындалатын факторлардың әсерімен қалыптасатыны айтылады.

"Мұнай бағасының 2014-2015 жылдары төмендеуі төлем балансының және тиісінше ішкі валюта нарығындағы баланстың айтарлықтай нашарлауына әкеп соқты. 2015 жылғы желтоқсанның басынан бері Brent маркалы мұнай бағасының бір баррель үшін 44,4 доллардан 37,8 долларға дейін немесе 15 пайызға құлдырауы айырбастау бағамына қосымша қысымның түсуіне әкелді", − делінген хабарламада.

Ұлттық Банк теңге бағамының қысқамерзімді ауытқуын реттеу мақсатында ішкі валюта нарығына қатысады, бірақ бұл ретте шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын айқындайтын іргелі факторлардың әсеріне кедергі келтірмейді.

Айта кетейік, 14 желтоқсаннан бері доллар айырбастау пункттерінде 340 теңгеден сатылып жатыр.

Дереккөз: tengrinews

Дайындаған: Серікбол Ерсін
Фото: khabar.kz
Қосылған күні: 15 желтоқсан 2015, 11:39

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.