- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Джеки Чан Абай...
Джеки Чан Абай өлеңін оқыды
Қытайлық танымал актер Джеки Чан Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жасалған #Abai175 флешмобына қатысты.
"Қазақстан Президенті бастаған поэзиялық челленджді досым Ерлан Қариннен қабылдаймын", -деді актер. Ол Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" әнін мәнерлеп оқып берді.
Ерлан Қарин мен Джеки Чан биыл сәуір айында кездескен еді. Кездесуде Қарин актерге қазақстандықтарды Сириядан көшіріп әкелуге арналған "Жусан" операциясының видеосын көрсеткен еді.
Челленджге бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әнші Димаш Құдайберген, Композитор Игорь Крутой, Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов, қытайлық кәсіпкер Джек Ма мен өзгелер қатысқан еді.
Джек Ма Абай өлеңін жатқа оқып, эстафетаны Головкинге жолдады
Сондай-ақ эстафетаны "Жетісу" радиосының ұжымынан қабыл алған Massaget.kz редакциясы ақынның "Білімдіден шыққан сөз" өлеңін оқыды.
Massaget