"Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын Massaget.kz ұжымы қабылдады

"Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын Massaget.kz ұжымы қабылдады
Фото: massaget.kz

Ұлы ойшыл, қазақтың Бас ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай әлеуметтік желіде бастау алған эстафетаны Massaget.kz редакциясы жалғастырады. "Абай өлеңдерін оқу" эстафетасын әріптестеріміз "Жетісу" радиосының ұжымынан қабыл алып, ақынның "Білімдіден шыққан сөз" өлеңін Алматы қаласындағы Абай Құнанбаевтың атына берілген орындарда жатқа оқыдық.

Ақын мұрасын сақтау мақсатында эстафетаны әрі қарай Tengrinews.kz, Vesti.kz сайттарына, "7" арна ұжымына және Қазақстандағы Абай Құнанбаев есімді азаматтарға жолдаймыз.

Қазақстанда қанша Абай Құнанбаев бар?

А. Қажиев