- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Директор мен 6...
Директор мен 6 мұғалім жазаға тартылды: Түркістан облысында тест тапсыруда алаяқтық жасалған
Елімізде мектеп бітіруші түлектер арасында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Өкінішке қарай, басталмай жатып жаға ұстататын жайттар болып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы Ордабасы ауданында тест тапсыру кезінде сұрақтардың жауаптарын телефон арқылы көшірген оқушылар ұсталды. Оларды облыстық Түркістан облыстық Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінен жіберілген арнайы бақылаушы көріп қойған.
"Осы мектепте өткен оқыту нәтижелерін бағалау бойынша қайта тестілеуге бақылаушы ретінде қатыстым. Тестілеу барысында екі оқушының жасырын түрде телефон пайдаланып отырғанын байқадық. Телефонды ашып қарасақ, арғы жақтан педагогтер дайын жауапты суретке түсіріп жіберіп, көмектесіп жатыр екен", - дейді Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалымжан Алматов.
Айта кетейік, Ордабасы ауданы Тоқсансай жалпы орта мектебі биыл сәуірде 40 пайыздан төмен ұпай жинап, мемлекеттік аттестаттаудан өте алмай қалған. Сондықтан оларға 18 мамырда қайта мүмкіндік берілген. Бірақ бұл жолы да осындай жағдай қайталанып отыр. Сондықтан білім ошағының директоры мен 6 мұғалім тәртіптік жазаға тартылды.
Сонымен қатар, бұған дейін осыған ұқсас жағдай Түркістан облысы Келес ауданында да болған. Онда мұғалімдер оқушының орнына тест тапсырмаларын орындап берген.
Айта кетейік, 31 қазанға дейін бейнебақылау камералары тексеріледі. Тәртіпсіздіктер анықталса, бітірушілердің нәтижесі жойылатыны айтылды. Былтыр осындай 150 талапкердің нәтижесі жойылған.
Еске салайық, ҰТО директоры Руслан Емелбаев ҰБТ-ға не алып кіруге болатынын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы