ҰБТ-ға не алып кіруге болады? ҰТО директоры Руслан Емелбаев жауап берді

ҰБТ-ға не алып кіруге болады? ҰТО директоры Руслан Емелбаев жауап берді
Фото: іnstagram.com/ruslan_yemelbayev

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ҰБТ тапсыратындарға тестілеуге не алып кіруге болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында жариялады. 

Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ тапсыратындар әлі күнге дейін тестілеуге калькуляторды алып кіру туралы сұрақтар қойып жатады.

"Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды. Сіздерге тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауаттылық, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электрон калькулятор ұсынылады. Сондай-ақ, компьютер экрандарында Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары қолжетімді болады. Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқаларын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Бәрі сіздердің ыңғайлығыңыз үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн", - деп жазған ол парақшасында. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек