- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дикий Арманның ісі:...
Дикий Арманның ісі: жәбірленуші мен куәгерлер күтпеген мәлімдеме жасады
Дикий Арманның ісіне қатысты жәбірленуші мен куәгерлер қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы сотына сілтеме жасап.
15 қыркүйекте Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Арман Жұмагелдиев пен басқа да қатысушылар ісін алдын ала тыңдауды қайта бастады.
"Бірқатар жәбірленушіден, кейбір сотталушы және олардың адвокаттарынан, сондай-ақ, куәгерлерден сот отырысын жабық режимде өткізу туралы өтініш келіп түсті. Олар өмірі мен отбасыларының қауіпсіздігіне сотталушылар тарапынан нақты қауіп төніп тұрғанын айтты. Сот адвокат пен сотталушының прокурорларды алып тастау туралы өтінішін қабылдамады", - делінген сот хабарламасында.
Алдын ала отырыс барысында судья Асхат Әшірбеков процеске қатысушылардан түскен өтініш-арыздарды оқыды.
"Өз өмірі мен туыстарының қауіпсіздігі үшін қорыққан 10 жәбірленуші мен үш сотталушыдан бас сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтініш келіп түсті. Олардың барлығы бірдей сипатта мәлімдеме жазған. Мысалы, (олардың бірі - еск.): "Жұмагелдиев және басқаларының ісі бойынша жәбірленушімін. Жұмагелдиев қылмыстық ортадан шыққан адам болғандықтан, мен өз өмірім үшін қорқамын" деп жазды", - деді судья Әшірбеков.
Айта кетейік, 14 қыркүйекте Алматының ІІМ ҚАЖК № 72 мекемесінде Жұмагелдиев пен Құдайбергеннің ісі бойынша алдын ала тыңдау басталды.
Арман Жұмагелдиев. Кадр сот отырысының онлайн режимдегі трансляциясынан
Еске салайық, бұған дейін Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыздар: "Даналық кітабында" адам бойындағы қандай ізгі қасиеттер дәріптеледі?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә