- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дикий Арманға қатысты...
Дикий Арманға қатысты сот отырысы кейбір сотталушыларға неге онлайн режимде өтіп жатыр?
Сот Дикий Арманның ісінде бірқатар сотталушы үшін процесс неге онлайн түрде жүргізіліп жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
14 қыркүйекте Алматыда ІІМ ҚАЖК №72 мекемесінде Дикий Арман, Қайрат Құдайберген және тағы 40-қа жуық сотталушыға қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды. Айта кетейік, істің төрт қатысушысы, соның ішінде Дикий Арман, процеске онлайн режимде, бейнебайланыс арқылы қатысады.
Атышулы істі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Асхат Әшірбеков қарайды. Алдын ала отырыс барысында ол төрт сотталушының процеске неге онлайн қатысатыны туралы айтты.
"13 қыркүйекте Алматы прокуратурасынан Ысқақов, Жұмагелдиев, Үсенов және Мақатов сотталушыларына қатысты алдын ала тыңдау және бас сот талқылауын бейнебайланыс режиімінде өткізу туралы өтініш келіп түсті. Себебі оларды кезең-кезеңімен өткізіп, ІІМ ҚАЖК №72 мекемесіне әкелу қылмыстық процеске қатысушылар үшін қауіпті болуы мүмкін... Сондай-ақ, қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Алматы ҚАЖК-ден осыған ұқсас хат келіп түсті.
345 бабы 1-бөліміне сәйкес негізгі сот талқылауы соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Негізгі сот талқылауы бейнебайланыс режимде жүргізілуі мүмкін, шешімді төраға қабылдайды. Осы өтініштерді, хаттарды зерттеп, сот оларды қанағаттандыру қажет деп санады, өйткені мұндай жағдайларда сот өз құзыреті шегінде процеске барлық қатысушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңда көзделген шараларды қолдануға міндетті. Дәл осы мақсатта сот төрт сотталушыға қатысты алдын ала тыңдау сот отырысын онлайн режимде өткізу туралы шешім қабылдады. УҰИ жағдайында бір сотталушы бар. Осы негіз бойынша сот шешім қабылдады", - деді судья Асхат Әшірбеков процеске қатысушыларға.
Айта кетейік, Жұмагелдиев пен Құдайберген ісі бойынша алдын ала отырыс ІІМ ҚАЖК №72 мекемесіне өтеді.
Еске салайық, бұған дейін Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.
Сонымен қатар, "Дикий Арман" азаптау дерегі бойынша сотта жеңіске жеткені белгілі болды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә