Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері қылмыс әлемінде Дикий Арман лақапатымен белгілі Арман Жұмагелдиев пен қалалық мәслихаттың бұрынғы депутаты Қайрат Құдайберген қайда отырғанын айтты. Екеуі де қаңтар оқиғасы бойынша күдікті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz редакциясына келген ресми жауапта Қайрат Құдайбергеннің қайда отырғанын анықтау үшін Ішкі істер министрлігіне жүгіну қажет.
"Ал Арман Жұмагелдиев Алматы қаласындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің уақытша ұстау изоляторында жалпы негізде, тиісті нормативтік құқықтық актілердің талаптары қатаң сақталып отыр. Қылмыстық істі Бас прокуратураның жетекшілігімен ведомствоаралық тергеу-жедел тобы тергеп жатыр", - делінген ҰҚК жауабында.
ІІМ "Дикий Арманға" қатысы бар адамдарды ұстады
Еске салайық, бұған дейін Дикий Арман мен Қайрат Құдайбергеннің ісі сотқа жіберілгені хабарланған еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз