- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог ең пайдалы...
Диетолог ең пайдалы нәрсу қай кептірілген жемістен дайындалатынын айтты
Ең пайдалы нәрсу (компот) кептірілген өрік, қара өрік және алмадан дайындалады. Бұл туралы диетолог Наталья Круглова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Pravda.Ru" сілтеме жасап.
"Нәрсу үшін кептірілген өрік қолдануға болады, оның құрамында бета-каротин бар. Бұл А продәрумені және ол термиялық әсерге төзімді. Сосын қара өріктен де пайдалы нәрсу дайындалады. Қара өріктің белгілі лактивті әсері бар. Алма да болады. Термиялық өңдеу кезінде алма диеталық талшықты, калийді жоғалтпайды", - деді ол.
Оның айтуынша, мұндай сусын микроэлементтің қосымша көзі бола алады. Өйткені жеміспен бірге одан диеталық талшық алуға болады.
Алайда Наталья Круглова тәтті нәрсу денсаулыққа қауіп төндіретінін ескертті, өйткені оның құрамындағы қант диетаның калориясын арттырады.
Айта кетейік, бұған дейін қара өрік нәрсуының 7 пайдасы туралы хабарланған болатын.
1. Қаназдықтың алдын алады;
Қаназдық ағзадағы эритроциттің аздығымен байланысты. Қара өрік құрамында эритроциттердің түзілуіне қатысатын темір болады. 1 стақан қара өрік нәрсуында 6 мг темір болады, ол күндізгі ұсынылатын шаманың 34 пайызын алады.
2. Іш қатуды емдейді;
Қара өрік нәрсуын жасы үлкейген кісілер жиі қолданады. Себебі, ол іш қатумен және ас қорыту жүйесі бұзылуымен күреседі.
3. Холестерин дегейін түсіреді;
Күретамырда холестерин деңгейі жоғарылап кетсе, инсульт немесе инфаркт қаупін күшейтетін түйіндік пайда болады. Кептірілген жемістер нәрсуы күретамырды ластықтан тазартатыны дәлелденген.
4. Тоқ ішекте қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтады;
Қара өрік нәрсуы қатерлі ісіктің алдын алуға пайдалы. Ғалымдар кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу тоқ ішектегі ісіктің өсуін тоқтататынын байқаған.
5. Қандағы қант мөлшерін реттейді;
Кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу тәтті болғандықтан, оны ішкен соң қандағы қант мөлшері бірден өсіп кетпейді. Егер нәрсуды бірқалыпты мөлшерде ішсеңіз, қандағы қант мөлшерін реттеуге көмектеседі.
6. Бауыр ауруы қаупін төмедетеді;
Зерттеулер көрсеткендей, кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу бауыр функциясын жоғарылатуға көмектеседі және бауыр ауруларының алдын алады.
7. Остеопороздың алдын алады;
Зерттеулер нәтижесі бойынша, қара өрік әйелдердегі сүйек ыдырауының алдын алады екен. Сонымен қатар, қара өрікте сүйекті бекітетін бор мен минерал болады.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурызша деген не?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә