Қара өрік нәрсуының 7 пайдасы

Қара өрік нәрсуының 7 пайдасы
Фото: OGemorroe.com

Тәтті сусындардың барлығы бірдей зиян емес. Қара өріктен дайындалған нәрсу көптеген аурулардың алдын алатын және денсаулыққа пайдалы құнарлы заттарға бай. Қара өрік нәрсуын уақытылы ішудің 7 себебін ұсынамыз.

1.Қаназдықтың алдын алады.
Қаназдық ағзадағы эритроциттің аздығымен байланысты. Қара өрік құрамында эритроциттердің түзілуіне қатысатын темір болады. 1 стақан қара өрік нәрсуында 6 мг темір болады, ол күндізгі ұсынылатын шаманың 34%-ын құрайды.

2. Іш қатудан емдейді.
Қара өрік нәрсуын жасы үлкейген кісілер жиі қолданады. Себебі, ол іш қатумен және ас қорыту жүйесі бұзылуымен күреседі.

3. Холестерин дегейін түсіреді.
Күретамырда холестерин деңгейі жоғарылап кетсе, инсульт немесе инфаркт қаупін күшейтетін түйіндік пайда болады. Кептірілген жемістер нәрсуы күретамырды ластықтан тазартатыны дәлелденген.

4. Тоқ ішекте қатерлі ісіктің пайда болу қаупін азайтады.
Қара өрік нәрсуы қатерлі ісіктің алдын алуға пайдалы. Ғалымдар кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу тоқ ішектегі ісіктің өсуін тоқтататынын байқаған.

5. Қандағы қант мөлшерін реттейді.
Кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу тәтті болғандықтан, оны ішкен соң қандағы қант мөлшері бірден өсіп кетпейді. Егер нәрсуды бірқалыпты мөлшерде ішсеңіз, қандағы қант мөлшерін реттеуге көмектеседі. Мұндай нәрсуда инсулин сезімталдығын жоғарылататын және азық-түліктерден қант сіңіруін азайтатын ерігіш жасұнық болады екен.

6. Бауыр ауруы қупін төмедетеді.
Зерттеулер көрсеткендей, кептірілген жемістерден дайындалған нәрсу бауыр функциясын жоғарылатуға көмектеседі және бауыр ауруларының алдын алады.

7. Остеопороздың алдын алады.
Зерттеулер нәтижесі бойынша, қара өрік әйелдердегі сүйек ыдырауының алдын алады екен. Сонымен қатар, қара өрікте сүйекті бекітетін бор мен минерал болады.

Қара өрік нәрсуын дайындау жолы:

Қара өріктен сүйегін алыңыз. 1 кесе қара өрік тазартыңыз. Тазартылған қара өрікті ыдысқа салып, өрікті жабатындай етіп қайнаған су құйыңыз. Қара өрік сол суда 12-24 сағат тұрсын. Содан соң оны суымен  бірге біркелкі болғанша, блендермен езіңіз. Қоспаға қайнаған су құйыңыз. Мұндай нәрсуды тоңазытқышта 1 аптаға дейін сақтауға болады.

А. Жапатова