- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диетолог аштық сезімін...
Диетолог аштық сезімін тудыратын өнімдерді атады
Алкоголь, тәттілер және қышқыл көкөністер мен жемістер жылдам аштық сезімін тудырады. Бұл жайлы "Москва 24"-ке диетолог Михаил Гинзбург айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Диетолог қышқыл жемістер мен көкөністер аштық сезімін тудыратынын айтты.
"Қышқыл көкөністер мен жемістердің көлемі бар секілді және олардан қандай да бір энергия алып, тоюға болатындай көрінеді. Бірақ олар қышқыл болғандықтан, олардың құрамындағы органикалық қышқылдар асқазанды тітіркендіреді, оның моторикасын арттырады, сол үшін аштық сезімі пайда болады", - деп түсіндірді маман.
Ал алкогольге келсек, ол жасушалар жарғақшасын кеңейтеді, ол жаққа қаннан глюкоза кетеді. Қанда глюкоза азайып қалады. Содан шыдатпайтын аштық сезімі пайда болады. Сондықтан адамдар әркез спиртті сусындармен бірге бірдеңе жеп отырады және тоқтық сезімін сезбейді.
Қант пен басқа да тәтті өнімдердің әсері осыған ұқсас.
"Бұл жағдайда қандағы глюкоза деңгейі жылдам артып кетеді. Инсулин көп бөлініп шығады және қандағы қант та соншалықты жылдам азаяды. Ал ол аз болса, біз қайтадан тамақ жегіміз келеді", - деп қорытындылады дәрігер.
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
А. Жапатова