Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Аспаздық / Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс

Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс

Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс

Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) болуы керек көкөністерді ұсынамыз.

Ең пайдалы көкөністер:

Сәбіз көруді жақсартуға көмектесетін А дәруменіне бай. Одан салат жасауға немесе жаңа сығылған шырын дайындауға болады;
- Брокколи құрамында С, А және К дәрумендері бар. Сонымен қатар, брокколидің калориясы өте аз;
Саңырауқұлақтар жүрекке пайдалы және ол көптеген аурулардың алдын алады. Алайда, саңырауқұлақты 7 жасқа дейінгі балаларға бермеген жөн: ол балалар үшін ауыр тамақ болып саналады және одан уланып қалуы әбден мүмкін;
- Қырыққабаттың да ағзаға пайдасы мол. Ал суық ауа райында оның ашытылған түрін жеген жөн: ашытылған қырыққабаттың пайдалы қасиеттері көбірек және ол ішек миклофлорасына өте пайдалы;
- Шалқан (репа) жасұнықтар мен кальций, фосфор және калий секілді микроэлементтерге бай;
- Асжапырақты (шпинат) жүйелі түрде жеп тұруды ұсынады, себебі оның құрамында А дәруменінің мөлшері өте көп;
- Гүлді қырыққабат С дәрумені, калий және омега-3 компонентінің арқасында өте пайдалы. Бұл пайдалы көкөністен сорпа дайындауға болады;
- Қызылша – көп мөлшерлі антиоксиданты бар қабынуға қарсы көкөніс. Ол қан қысымына жағымды әсер етеді;
Қызанақтар құрамында ликопин бар. Зерттеулер бойынша, ликопин қан тамырлар саулығын ұстап тұрады және жүрек-қан тамырлар ауруларының алдын алуға көмектеседі;
- Пияз құрамында  ақыл-ой және физикалық қабілетті жақсартатын квертицин бар;
Тәтті картоп – ең жақсы бета-каротин көзінің бірі. Картоптың құрамындағы кальций және калий ағзадағы ас тұзының зиянды әсерін бейтараптандырады. Алайда, картоп ағзаға пайдалы болуы үшін оны қуырмай, қабығымен бірге суға қайнатып жеген жөн;
- Бұршаққынды үрмебұршақ А, С және К дәрумендерінің көзі болып табылады.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: pixabay.com
Қосылған күні: 09 қыркүйек, 12:34

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.