- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Диета ұстамай артық...
Диета ұстамай артық салмақ тастауға көмектесетін өнім аталды
Көктемге дейін жылдам әрі тиімді салмақ тастауға көмектесетін жаңа диета іздеп жүрсіз бе? Өкінішке қарай, тамақтанудағы шектеулер сіз ойлағандай жұмыс істемейді. Қатаң уақытша диеталар жақсы уақытша нәтиже ғана береді, ал дене сымбаттылығын сақтағыңыз келсе және сау болғыңыз келсе, пайдалы тағамдық әдеттер қалыптастыру керек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Еat Тhis"-ге сілтеме жасап.
Бұл ретте сізге пайдалы тағамдар көмектеседі. "Суперфуд" терминін естіген боларсыз?!
Диетолог Эми Гудсонның айтуынша, бұлай әдетте құрамында пайдалы дәрумендер, антиоксиданттар және минералдары көп өнімдерді атайды. Көбіне экзотикалық өнімдерді суперфуд деп таныстырып жатады. Алайда мысалы кәдімгі қарапайым жұмыртқаны арықтағысы келетін адамдарға керек нағыз суперфуд деп санауға болады.
Жұмыртқаның пайдасы
Жұмыртқаның басты артықшылығы – салыстырмалы түрде калориясының төмен болуы және құрамында жеңіл сіңетін ақуыздың көп болуы. 100 г жұмыртқада 150 калория ғана бар. Ақуыз тоқтық сезімін сыйлайды және жаттығу кезінде бұлшықет өсіруге көмектеседі. Оған қоса, ақуыз жетіспеушілігі кезінде адам ісінумен қиналады. Ал ісіну адамды визуалды түрде толық етіп көрсетеді.
Сондай-ақ жұмыртқада хал-жағдайыңыздың жақсы болуына және сергек жүруге ықпал ететін қоректік заттар көп. Мысалы, В тобының дәрумендері, D дәрумені, холин, темір және мырыш. Қажетті қоректік заттар мен ақуыздың қосындысы жұмыртқаны арықтағысы келетін адамдарға арналған құнарлы және дәмді таңдау етеді.
Жұмыртқаны қалай жеген дұрыс?
Жұмыртқаны таңғы ас, түскі ас және кешкі асқа жеуге болады. Ол жеңіл тіскебасар немесе пайдалы бутерброд дайыдауға да келеді. Диетологтың айтуынша, арықтағысы келетіндер үшін жұмыртқаны суға пісіріп жеген дұрыс. Мұндай суға піскен жұмыртқаны салатқа да қосуға болады.
Егер омлет жегенді жақсы көрсеңіз, жұмыртқаны қуырып жегенде тұрған ештеңе жоқ. Бірақ бұл кезде артық калория болмас үшін оны майсыз дайындау керек. Жұмыртқаның қасына жасұныққа бай өнімдер жақсы келеді: көкөністер мен тұтас дәнді нан.
Оқи отырыңыз: Күніне неше жұмыртқа жеуге болады?
А. Жапатова