- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дерматологтар беттегі жастық...
Дерматологтар беттегі жастық іздері тері мәселесінің белгісі екенін айтты
Кейде ұйқыдан оянған кезде беттен немесе шекеден жастық іздерін байқаймыз. Дерматологтардың айтуынша, жастық іздері дұрыс емес ұйқы қалыпынан шыққан уақытша әжімдер, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mail.ru-ға сілтеме жасап.
Әдетте жастық іздері ішпен жатып ұйықтағаннан кейін немесе жастық қапшығының матасы қатты болса қалады. Ал жібек немесе атлас төсек-орыннан кейін ешқандай із қалмайды.
Мамандардың сөзінше, тәжірибелі маман емделушісінің қандай қалыпта ұйықтағанды жақсы көретінін бірден байқайды.
"Жастық іздері жаман белгі, өйткені артық қысым орнындағы тері тез қартаяды. Сонымен қатар, ол қартайған сайын коллаген мен серпімділігін жоғалтып, әжімнің пайда болу қаупі артады. Ол із жылдам кеткенімен, егер адам үнемі бір қалыпта ұйықтайтын болса, түні бойы түсетін қысым коллагеннің шамадан тыс жойылуына және қан айналымының нашарлауына әкеп соқтыруы мүмкін", - дейді дәрігер Коллинз.
Ал егер жастық іздері кетуінің уақыты ұзарса, бұл бетте әжім пайда болып жатқанынын білдіреді.
Қалай алдын алуға болады?
Ең тиімді әдіс - шалқаңыздан жатып ұйықтауды үйрену. Мамандар мәліметінше, бұл ұйықтау үшін ең жақсы қалып, өйткені тері матамен тікелей байланыста болмайды. Сонымен қатар, түнімен қозғалмай бір қалыпта ұйықтайтын адамдар жастық қабын жібек немесе атлас матадан таңдағаны абзал.
Бұдан бөлек, төсекті жууға арналған сұйықтық немесе ұнтақты ауыстырыңыз. Төсек орын жабдығын жуу үшін құрамына бояғыш қосылмаған, хош иіссіз құралдар дұрыс, себебі бұл қоспалар көбінесе аллергиялық әсер тудырады. Сондай-ақ, күні бойы тері күтімін жасауды ұмытпауыңыз керек.
Айта кетейік, бұған дейін әжімнің пайда болуына әкелетін 10 әдет хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Көнаяқ деген қандай кейіпкер?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә