"Денем тітіркеніп кетті". Орыс жігіті Қызыл алаңда қазақ әнін орындады

"Денем тітіркеніп кетті". Орыс жігіті Қызыл алаңда қазақ әнін орындады
Фото: TikTok

TikTok-та Александр Николайұлы есімді жігіт Естайдың әні "Құсни Қорланды" орындап, Мәскеуде видео түсіргенін жазған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сәлем достар, сіздер үшін Мәскеуде Қызыл алаңда "Құсни Қорлан" деген өте сұлу әнді өзімнің нұсқамда жазып, видео түсірдім", - деген ол видеода.

@bellak.kz Сәлем достар, сіздер үшін Мәскеудің қызыл алаңда, “Құсни қорлан” деген өте сұлу әніне, өзімнің нұсқаны жазып, видеоні тұсірдім. Комментарий жазып, баға беріңізші, өтінемін ??❤️ #құсниқорлан #болатәнші #мәскеу #қызылалаң #қазақтілі #қазақстан #алғақазақстан ♬ Bellak Құсни Қорлан - Александр Николай Ұлы

Желі қолданушылары оның бұл өнеріне тәнті болған. Пікір білдірушілер арасында әнді өзі орындап тұрғанына сенбегендер де табылған.

"Шынымен, өзің айтып тұрсың ба? Өнерің өрге жүзсін", "Мың да бір рақмет, керемет орындау. Өнерің өрлей берсін", "Керемет, денем тітіркеніп кетті", "Өте әсерлі екен", "Керемет орындау, қазақтың жазық даласын еріксіз еске түсіретін ән", - деп жазған пікір білдірушілер.

Александр TikTok-парақшасында өзі туралы да айтып берген.

"Есімім - Болат. Шын есімім - Александр. Бәрі "орыссың ба? Қазақсың ба" деп сұрайды. Иә, мен орыспын. Бірақ Қазақстанда тудым. Қазір Мәскеуде жүрмін", - дейді ол.

@bellak.kz Соңына дейін көрүіңізді сұраймын ? #рек #қазақтілі #алғақазақстан #әнші #құсниқорлан ♬ Bellak Құсни Қорлан - Александр Николай Ұлы

Ол Қайрат Нұртас, Сейфуллин Жолбарыс секілді әншілердің әндерін өз нұсқасында да орындаған.

@bellak.kz Бағаңызды сұраймын достарым ??????? #болат #болатәнші #қазақстан #алғақазақстан #рек #қазақтілі #жаңаәндер2021 #сейфуллинжолбарыс #жүрекүні ♬ оригинальный звук - Александр Николай Ұлы
@bellak.kz Бағаңызды сұраймын достар ??? ?????? #болат #болатәнші #қазақстан #алғақазақстан #рек #қазақтілі #жаңаәндер2021 #дуэт #қайратнұртас #арман ♬ оригинальный звук - Александр Николай Ұлы

Еске салайық, бұған дейін өзге ұлттар қазақ тілін қалай үйреніп жүргені туралы материал жариялаған болатынбыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова