Өзге ұлттар қазақ тілін қалай үйреніп жүр?

Өзге ұлттар қазақ тілін қалай үйреніп жүр?
Фото: TikTok/ tanya_inyshina

Бірнеше тіл білу - заман талабы. Бүгінде әлеуметтік желіде қазақ тілін үйреніп жүрген өзге ұлт өкілдерінің видеосы көп тарап жүр. Massaget.kz тілшісі осындай видеоларды жинады.

Starbucks-тағы тәжірибе

Желіде Starbucks-та қазақ тілінде тапсырыс берген жігіттің видеосы пайда болды.

"Қазір Starbucks-та қазақша тапсырыс беріп көремін. Қорқып тұрмын", - дейді жігіт.

Бір қызығы Starbucks қызметкерлері оған орысша жауап беріп, өздері де үйреніп жүргенін жеткізген.

- Сәлеметсіз бе! Бір шоколад коктейл маған. 

- Көлемі?

- Кішкентай. Қазақ тілін үйреніп жүрмін

- Біз де

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 59cek ? (@59cek)

"Қазақ тілін қалай болғанда да үйрену қажет"

TikTok желісінде Александр есімді ер адам неліктен қазақ тілін үйрену керегін түсіндірген. Ол өз тәжірибесін айтып, Қазақстанда қазақ тілін үйренудің қаншалық маңызды екенін жеткізген.

"Қазақ тіліне қатысты айтатын болсақ, үйрену керек пе, жоқ па? Бәрібір үйрену керек. Өз тәжірибемнен білемін. Менің интернет дүкенім бар. ...Маған адамдар хабарласып, қазақ тілінде сөйлесе бастайды. Қазақ тілін жетік білмесем де, мен де қазақ тілінде жауап беруге тырысамын. Олар қазақ тілін білетінімді түсініп, қандай да бір сұрақтар қоя бастайды. Жетік білмеген соң жауап бере алмай қаламын. Әңгімеміз ортасынан үзіліп кетеді. Кейін өзімді ыңғайсыз сезінемін. ...Жайлап орысшаға көше бастаймын. Екі тілді араластырамын. Кейбір адамдар орыс тілін мүлде білмейді. Сондықтан сатумен айналыссаң, қазақ тілін үйрену керек. Қаласақ та, қаламасақ та. Біз осында тұрамыз. Менің пікірім, қазақ тілін қалай болғанда да үйрену қажет. Қазір маған хейтерлер жаза бастайды. ...Қазақ тілін білмесең, қиын. Жетік меңгермесек те, күнделікті сөйлесе алуымыз керек. Келіссеңіздер де, келіспесеңіздер де, бұл - менің жеке пікірім", - деді видеодағы ер адам.

@kavranvip3 #казахскийязык#казахи#русский казах#кавран ♬ оригинальный звук - Александр

Сондай-ақ, ол оқырмандарына жауап берген.

"Қазақтармен қазақша сөйлескенде, әрқашан қуанып тұрғанын көремін", - дейді ол.

Желі қолданушылары оның бұл ұстанымын қолдаған.

"Мен де қазақ тілін үйрену қажет деп санаймын. Қазақстанда әрі қарай тұрғыларыңыз келсе, бұл керек", "Қызмет көрсету саласында қазақ тілін білу - міндет", "Өте дұрыс, үйренген артық болмайды", - деп жазған пікір білдірушілер.

Өзі үйреніп, өзгелерге де қазақ тілін үйретіп жүрген Алина

Желіде Алина есімді қыздың видеолары тарап жатыр. Instagram-парақшасында өзін "қазақтың неміс қызы" деп атаған Алина қазақ тілінде видеосабақтар түсіреді. TikTok-та 24 мыңнан аса оқырманы бар.

Өзінің айтуынша, әкесінің ұлты - жартылай неміс, жартылай татар, ал анасы - орыс.

@_alina.kan Ответ пользователю @ergakiasch #қазақтілі #казахскийязык #рекомендации #тренд #хочуврек #учиязык #менқазақпын #қазақстан ♬ оригинальный звук - _alina.kan

Ол қазақ тілін қалай үйренгенін айтып берген.

"Өмірде көп адам "қазақ тілін қалай үйрендің? Арнайы курстарға бардың ба?" деп сұрап жатады. Жоқ, бармадым. Кішкентай кезімде ауылда тұрдым. Нұршат, Абай деген көршілерім болды. Солармен ойнап, қазақ тілін үйрендім", - дейді Алина.

@_alina.kan Учись разговаривать на казахском вместе со мной) #қазақтілі #казахскийязык #рекомендации #учиязык #тренд #рек #хочуврек #тикток ♬ оригинальный звук - _alina.kan

Алина өзі де қазір қазақ және орыс тілдерінде курстар өткізеді. 

@_alina.kan Учи казахский язык со мной! #учиязык #хочуврек #казах #рекомендации #алматы #казахстан #қазақтілі #менқазақпын ♬ оригинальный звук - _alina.kan

Түрлі тәсілдер арқылы үйреніп жүрген Елена

Желіде қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін көрсеткендердің бірі - Елена Попова.

@_popovaelena Начинаю учить Казахский язык ???? #казахскийязык #казахстан ♬ оригинальный звук - ??

Пікір білдірушілер оның бұл бастамасын қолдаған:

"Сәттілік", "Қазақ тілінде сөйлейтіндермен әңгімелес, сонда түсінесің, есте сақтайсың", "Жарайсың", "Қолыңнан келеді", "Молданазардың әндерін тыңда", - деп жазған Желідегілер.

Ол қазақ тілін мобильді қосымшалар, сөздіктер, YouTube-тағы видеолар, әңгімелесу клубы арқылы үйреніп жүргенін айтқан.

@_popovaelena Дни недели KZ ? #учуказахский ♬ оригинальный звук - Green Dream ?
@_popovaelena Ответ пользователю @Black Door #казахскийязык #учуказахскийязык ♬ оригинальный звук - Green Dream ?

TikTok-та трендке айналған әнді орындаған өзге ұлт өкілі

Қазақ тілі мен Қазақстан туралы ерекше контент жариялайтын Таня Инушинаның видеолары Желіде көп қаралым жинаған.

@tanya_inyshina Учу потихоньку ??♥️ #казахскийязык ♬ оригинальный звук - Tatyna Inyshina
@tanya_inyshina #казахскийязык ♬ оригинальный звук - Tatyna Inyshina

Ол TikTok-та трендке айналған "Жүрегіңнің есігін аш-аш" әнін орындаған.

@tanya_inyshina Вы просили на казахском ♥️??? #казахстан #казахскийязык ♬ оригинальный звук - Tatyna Inyshina

Желі қолданушыларын бұл видео тәнті еткен:

"Жарайсың, қатты таңғалып отырмын", "Қазақ тіліне қызығатындар көп. Ал достар сендер енді Қазақстан жерінде тұрып орысша сөйлегендерің ұят", "Жарайсың", - деп жазған пікір білдірушілер.

Ж. Қадыржанова