- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Декретте 6 ай...
"Декретте 6 ай ғана отырдым". Роза Әшірбаева табысқа қалай жеткенін айтып берді
Танымал коуч, кәсіпкер, инвестор Роза Әшірбаева Абылайхан Өмірбайға берген сұхбатында жас кезін еске алып, жұмыс жолын баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Коучтың айтуынша, ұлын босанып, декретке шыққаннан кейін үйде ең көп дегенде 8 ай ғана отырған.
"Менің жұмыс жолым негізі өте үлкен. Бірінші ЖОО бітіргеннен кейін, екінші мамандық ретінде "қаржыгерді" сырттай оқыдым, кейін тұрмысқа шықтым, тұрмысқа шығып үйде отырдым. Бірақ мен үйде ұзақ отырмадым, декретке шыққаннан кейін ең көп дегенде 8 ай ғана отырдым, ал екінші ұлыммен 6 ай отырдым, бір қуантарлығы ата-енем балаға қарауға келгенде үнемі көмектеседі, оның үстіне өзім де үйде отыра алмайтын адаммын. Декреттен шығып, екінші мамандығым бойынша қаржыгер болып жұмысқа тұрдым. Менің туған ата-анам да, енем де қаржы саласындағы адамдар, сондықтан болар екінші оқуға мені қинап түсірді", - дейді ол.
Коуч тіпті жұмыстан шығып, үйде отырамын деген шешім қабылдағанын да еске алды.
"2011 жылы Астанаға көшіп, ол жақта да қаржыгер болып жұмыс істедім. Сөйтіп жүргенде 2013 жылы өмірімді өзгерткім келіп, үлкен компанияда жұмыс істегім келді, себебі мен тек кішкентай, атақты емес мекемелерде жұмыс істеген едім. Осылай, "Mediker" компаниясының сату маманын іздеп жатқан хабарламасын оқып отырып, мәтіннен грамматикалық қате байқадым да, түйіндемеммен бірге ілеспе хатта қате туралы жазып жібердім. Сөйтіп мені сұхбатқа шақырып, барлығы 6 рет сұхбат бердім ол компанияға жұмысқа орналасу үшін, ақыр соңы мені жұмысқа алды. Алғашында еншілес мекемеде істеп, екі жылдан кейін компаниядағы барлық 3000 қызметкерді басқаратын 40 адамның қатарына қосылдым. Осы компанияда жүріп үлкен тәжірибе жинадым, мен әр өңірдің диалектісін білемін. Көпшіліктің алдында сөйлеуді де осында жүріп үйрендім. 2015 жылы жұмыстан қатты шаршап, стресске түсіп, күйеуіме "мен енді жұмыс істемеймін, одан да үйде әйел болып отырайын" деп айттым. Жолдасым "жарайды, өзің біл" деді, негізі ол мен айтсам да, көнеді. Жұмыстан шығып, 1 айға жуық уақыт қыдырып жүрдім. Сосын таныстарым әр жерге кеңес сабақ өткізші деп қоңырау шала бастады. Сөйтіп "Kazynagold" компаниясына жәй ғана PR стратегиясы жасап беру үшін барғанмын. Өз жұмысымды орындап болған кезде, олар бәрі ұнағанынын жеткізіп, "осы жоспар бойынша өзіңіз жұмыс істесеңізші" деп ұсыныс жасады", - дейді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Әлі өмірден жейтін таяғы ауыр". Танымал коуч абайтанушы Омар Жәлелге көзқарасы қандай екенін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Хақназар ханның қазақ тарихындағы рөлі
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә