"Әлі өмірден жейтін таяғы ауыр". Танымал коуч абайтанушы Омар Жәлелге көзқарасы қандай екенін айтты

"Әлі өмірден жейтін таяғы ауыр". Танымал коуч абайтанушы Омар Жәлелге көзқарасы қандай екенін айтты
Фото: Әлеуметтік желі

Танымал блогер, коуч Роза Әшірбаева Абылайхан Өмірбайға берген сұхбатында абайтанушы Омар Жәлелдің "қызға тауар ретінде қарау керек" деген сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Коучтың айтуынша, абайтанушының әлі өмірден жейтін таяғы ауыр. 

"Ол кісі өзінікін дұрыс санайды, оның үстіне бұл пікірін өзгертуге деген ойы да жоқ. Ол кісінің әлі өмірден жейтін таяғы ауыр деп ойлаймын. Мүмкін сіз сырттан жылтырап, медиа маманы ретінде мұндай кісілердің өмірінде болып жатқан қиындықтарын біле бермейтін шығарсыз. Бірақ біз әрдайым экран алдында өмір сүрмейміз ғой. Мысалы, мен әлеуметтік желідегі парақшаларымды 24/7 жүргізгеніммен, шын мәнінде аптасына эфирде 3-ақ сағат отырамын, қалғанының бәрін жұмыс тобым істейді", - дейді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін әкесімен, күйеуімен қарым-қатынас, декларация, ортақ бюджет. Роза коуч эксклюзив сұхбат берген болатын.

Тағы да оқи отырыңыздар: «Бақытты отбасы» бағдарламасына кімдер қатыса алады? Бағдарламаның шарттары қандай?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә