Мәжіліс депутаты, танымал қазақ балуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлынан соққы жеген заңгер Анна Чернова сот үкімінен кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
9 қазанда Алматы әскери соты Тұрлыхановтың ұлын бір миллион 700 мың теңге айыппұл төлеуге үкім шығарды.
"Көбі петиция сұрап жатыр, бірақ сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ, ал біз, заңгерлер, оған қалай шағымдану керегін білеміз. Апелляциялық шағым да бар. Содан кейін Жоғарғы Сот, яғни сот шешімін қолданудың біркелкілігі үшін. Бұл жерде заң мен сот бірлігі бұзылды деп ойлаймын. Сондықтан бұл үкімді қайта қарауға әлі де мүмкіндік бар. Кеше айтқанымдай, аппеляцияға береміз. Сосын көреміз", - деп жазды Анна Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз