- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәулет Тұрлыхановтың ұлы...
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 тәулікке қамауға алынды
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы 15 тәулікке қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған қатардағы жауынгер Б. қатысты әкімшілік іс жүргізуді - белгіленген тәртіппен берілген әскери бөлім бастығының бұйрығын орындаудан ашық бас тартуды қарады.
Сот 2023 жылғы 2 шілдеде әскери бөлімнің әскери қызметшісі қатардағы жауынгер Б. Алматы гарнизонының гауптвахтасынан шыққаннан кейін командирдің бұйрығына сәйкес өзінің әскери бөліміне өтуге міндетті екенін анықтады.
Алайда, ол лейтенант А. жеткізген бөлім командирінің осы бұйрығын орындаудан ашық түрде бас тартты және әскери полиция кеңсесінің ғимаратына келген көлікпен белгісіз бағытқа кетті.
Сот отырысында Б. іс материалдарында баяндалған фактілерді растады.
Б. қатардағы жауынгер ӘҚБтК-нің 652-бабының 6-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды, 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза қолданылды. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін заңгер Анна Чернова Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлаған болатын.
"Біздің ісіміз бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен, онда оған бұлтартпау шарасы таңдалған, ол бөлім бастығының бақылауында болған.
Оны кешеден бері таба алмай жатыр. BMW-мен кеткен. Оны көргендер болса, ол тергеуде екенін айта салыңыздаршы", - дейді заңгер.
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашқан: Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады
Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.
Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.
Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.
Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина