Тележүргізуші Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі, журналист әрі медиаменеджер Владимир Рерих өмірден өтті. "Хабар" агенттігінің алғашқы басшыларының бірі болған, "Поздний Рерих" бағдарламасын жүргізген Владимир Рерих туралы не белгілі? El.kz порталы шолу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Владимир Рерих кім және қай жерде дүниеге келген?
Танымал медиаменеджер әрі тележүргізуші Владимир Рерих 1958 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Рерихтың анасы - Поволжьенің немісі, ал әкесінің ұлты - қарашай. Әкесі де, анасы да Қазақстанға жер аударылған. Кейін екеуі Талдықорғанда танысып, отбасын құрған.
"Біздің үйдегілер қос тілді болды. Үйде неміс және орыс тілдерінде сөйлейтінбіз. Әжемнің орысша сөйлегенде қатты акцент бар еді. Аздап қазақша да түсініп, тіл қататын. Бірақ негізінен неміс тілінде сөйлейтін. Ал анам қазақ тілін жетік білетін", - дейді Владимир Рерих бір сұхбатында.
Владимир Рерихтің қызмет мансабы
Ол көпшілікке Дариға Назарбаева медиакеңістіктегі кеңесшілерінің бірі ретінде танылды. 1996 жылы сол кезде жаңадан құрылған "Хабар" агенттігінің басшылығына келді. Бірақ сұхбаттарының бірінде журналист "мен ешқашан өзімді біреудің қол астында жүргендей сезінбеппін, Дариға Назарбаевамен тең дәрежедегі серіктес болдым" деген еді.
"Хабар", одан кейін 2000-шы жылдардың басында құрылған "Асар" партиясында белсенді қызмет етіп, Еуразия медиаформының продюсері де болды.
1996-2003 жылдар аралығында "Хабар" агенттігінде бағдарламалар бөлімінің директоры, кейін бас директордың орынбасары, агенттіктің вице-президенті, арнаның бас директоры секілді қызметтер атақарды. Сол жылдары "Майдан", "Что делать?", "Формула личности" секілді бағдарламаларды жүргізді.
2000-шы жылдардың басында "Хабар 2" 100 пайыз қазақ тіліндегі арна ашылған. Кейін оның аты "Еларна" деп өзгерді. Владимир Рерих бұл оның идеясы болғанын айтқан еді.
Еңбек жолын орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып бастаған Владимир Рерих Еуразия медиаформының продюсері қызметін атқарды. Дариға Нұрсұлтанқызының кезекті медиа жобасының аяққа тұруына өз үлесін қосты.
Қазақстаннан кетер алдында бірнеше жыл "Поздний Рерих" бағдарламасын жүргізді.
Владимир Рерихтің жеке өмірі
Бағдарлама жабылғаннан кейін, ол нағашыларының елі Германияға көшуге бел байлады. 2012 жылдан өмірінің соңына дейін Берлинде тұрды.
Ашық дереккөз мәліметінше, Владимр Рерихтің бірінші әйелінен де бір ұл, бір қызы бар. Олар Қазақстанда қалмаған. Тұрмысқа шыққан қызы Австрия астанасы Венада тұрады. Ал Ұлы Германияда.
Одан кейін медиаменеджер екінші рет отау құрды. "Хабарда" жүргенде Владимир Рерих белгілі 1996 жылы 11 наурызда тележүргізуші Дана Нұржігітпен танысып, 2000 жылдан 15 жыл отасқан. Олардың Әлім есімді ұлы бар. Дана Нұржігіт бұрынғы жұбайына арнап әсерлі жазба жариялады.
"Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар,кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді.
Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені", - дейді Дана Нұржігіт.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!