"Кешір мені". Тележүргізуші Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі, журналист Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды

"Кешір мені". Тележүргізуші Дана Нұржігіттің бұрынғы күйеуі, журналист Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды
Фото: ашық дереккөз

Журналист Владимир Рерих Берлинде дүниеден озды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды журналист Дана Нұржігіт Instagram-парақшасында хабарлады. 

"Әлімнің әкесімен соңғы кездесуі екен… Володя,Владимир,Владимир Ахмадьянович Рерих бүгін Берлинде дүниеден озды…", - дейді Дана Нұржігіт. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit)

Оның сөзінше, журналист Владимир Рерихпен 1996 жылы 11 наурызда танысып, 2000 жылдан 15 жыл отасқан.

"Ұлды болдық. Түсініспеген жерден мен Қазақстанда қалып, сен Германияға кеттің. Бірақ, сен менің тұлға болып қалыптасуыма, маман болып өсуіме,ана болып бала тәрбиесінде неге мән беру керектігіме зор ықпал еттің, ақылшым, сапалылық, даналық, ар,кәсібиліктің билік өлшемі болдың. Парасатың,білімің,шешендік өнерің, зиялылығың ерекше еді.

Желтоқсанда барамыз деп Берлинге билет алғаным жоспарлы сапар болған жоқ,қазан айында өзімнен өзім баланы саған апарғым келді. Соңғы кездесу боларын кім білген,Володя!
Анаң Эмма Александровна, менің аяулы енемнің қасына кеттің… Балаң өзіңді көріп, биылғы туған күніңмен бірінші болып құттықтағаны соңғы рет екен ғой… Мына дүниеден тыныштық таппаған, түсіністік таппаған жаның жәннәттан рахат тапсын! Кешір мені", - дейді Дана Нұржігіт. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина