- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Дәрігерлер "Ирина Кайратовна"...
Дәрігерлер "Ирина Кайратовна" мобилографының өліміне қатысты алғаш рет түсінік берді
Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті "Ирина Кайратовна" тобының концерті кезінде 21 жастағы мобилографтың өліміне қатысты түсінік білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"2023 жылғы 14 қазанда 103 пультіне сағат 20:23-те екінші санатты жедел жәрдем шақырту түсті. Жедел жәрдем бригадасы 20:33-те жеткенде, ер адам есін жимаған. Биологиялық өлім расталды", - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жас жігіттің өлімінің алдын ала себебін айтқан жоқ.
Еске салайық, "Ирина Кайратовна" тобының мобилографы сенбі күні Астанадағы концерт кезінде кенеттен қайтыс болды. Жас жігіт топ сахнаға шықпас бұрын көрермендердің көңілін көтеріп тұрған диджейді видеоға түсіріп жатқанда есінен танып құлап қалған. Сахнадағы жігітке адамдар жүгіріп келіп, оны сыртқа шығара бастаған. Шамамен 30 минуттан кейін топ мүшелері сахнаға шығып, мобилографтың қайтыс болғанын хабарлады. Концерт тоқтатылды.
Желіде "Ирина Кайратовнаның" концертінде қайтыс болған мобилографтың соңғы видеосы тарады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан