Көпшілік бас сақинасын "қарапайым" ауру деп ойлайды. Алайда ол өмір сапасын және жұмысқа қабілеттілікті айтарлықтай төмендетуі мүмкін. Бас сақинасымен жиі әйелдер қиналады. Неліктен әйелдердің жиі басы ауыратынын невролог Любовь Некрасова түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Life.ru"-ға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, бас сақинасы – 4 сағаттан 2-3 тәулікке дейін бастың ауыруы. Ол жиі жарық пен дыбыстарға сезімталдықпен, жүрек айнумен және құсумен қатар жүреді. Бас ауырар алдында көз алдыңызда дақ, ұшқын, жарқыл пайда болуы мүмкін.
Бас сақинасымен неліктен жиі әйелдер қиналады?
Бұл әйелдердің жыныстық гормондары – эстрогендер деңгейінің ауытқуымен байланысты. Бұл ауытқуларды әйелдер өмірінің көп бөлігінде ай сайын сезінеді. Невролог әйелдердегі бас сақинасының 70%-ы етеккір циклімен байланыстырылатынын айтты.
"Нақты күндердегі эстроген деңгейінің төмендеуі ғана емес, эстрогеннің оның шыңына жеткеннен кейінгі түсуі де ұстама триггері болуы мүмкін. Бас сақинасы ұстамасының даму механизмінде серотонин нейромедиаторы маңызды рөл атқарады. Эстроген деңгейі шыңға жеткен кезде біруақытта серотонин деңгейі де көтеріледі, ал эстроген түскен кезде серотонин де бірден төмен түседі. Мұндай төмен түсу мида тізбе реакциясының іске қосылуын ынталандырады. Ал ол ұстаманың дамуына және ауырсыну рецепторларының сезімталдығының артуына әкеледі", - дейді Любовь Некрасова.
Эстроген деңгейінің себебінен пайда болатын бас ауыруы - бас сақинасының ауыр түрінің бірі. Ол көп күн бойы және қарқынды ауырады. Сондай-ақ ол қарапайым преператтармен емделмейді. Сондықтан "етеккір бас сақинасы" жиі арнайы емді қажет етеді. Гормондар ауытқуын реттеуге және бас ауыруын алдын алу үшін ішке қабылдайтын контрацептивтер көмектеседі.
"Алайда бас сақинасы кезінде бұл препараттарды ұзақ уақыт бойы ішуге болмайды, себебі олар инсульт қаупін арттырады", - деп ескертті дәрігер.
Оқи отырыңыз: Етеккір кезінде не істеуге болмайды? Дәрігер жауабы