Себореялық дерматит, розацея және басқа да тері аурулары бар ер адамдар қырынған кезде сақ болуы керек немесе мүлде қырынбағаны абзал. Дерматовенеролог Елена Быстрицкая неліктен қырынудан бас тарту керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, себореялық дерматиті бар ер адамдар қырынса, беті ауырып, ісінеді. Сондай-ақ, қырыну кезінде жарақаттанатын болсаңыз, тері қатты қабыршақтанады. Ауру өршіп тұрған кезде сирек қырынып, ем алу қажет немесе түктен құтылудың басқа жолдарын қарастырған жөн.
Сонымен қатар, розацеямен ауыратын науқастардың терісі сезімтал және қабынуға жақын болады, сондықтан қырыну арқылы инфекция да таралуы мүмкін.
Дерматовенеролог безеуі бар ер адамдарға мүлдем қырынбау керегін ескертті. Оның сөзінше, ұстараның жүзі безеу бетін зақымдап, оның іріңі мен инфекция теріге таралады.
Елена Быстрицкая үнемі қырыну үшін алдымен тері ауруларын емдеуге кеңес берді. Ал қырынғаннан кейін құрамында табиғи қоспалары бар календула, түймедақ, алоэ құралдарын қолдануды ұсынды.
Айта кетейік, бұған дейін қалай дұрыс қырыну керегі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Құда табаққа не салады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!